Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Әлихан Смайылов «Атамекен» палатасына кеңес берді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елдегі эпидахуалдың тұрақтанауына кәсіпкерлердің де жауапты екенін еске салды, хабарлайды Paryz.kzҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Әлихан Смайылов «Атамекен» палатасына кеңес берді
Сурет: Inform.kz

Коронавирусқа қатысты жағдай әлі де тұрақталмай тұр. Індеттің таралу деңгейі әлі де жоғары. Өңірлердің басым бөлігі «қызыл» аймақта. Ауырудың ең жоғары деңгейі Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр. Сондықтан эидемиологиялық жағдайды әрі қарай бақылауда ұстау қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнестің дамуына кедергі келтірмеу үшін карантиндік шектеулер қайта қаралып, азайтылды. Бірақ босаңсуға болмайды. «Атамекен» палатасы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан жұмыс жүргізгені жөн, - деді Үкімет басышсы.

Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша кәсіпкерлердің өзі де жұмысына аса жауапкершілікпен қарауға тиіс.

Сауда немесе тамақтану орындарында, өндіріс алаңдарында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қатаң сақталуы керек. Мұны бизнестің өзі қадағалауы тиіс. Өйткені әлеуметтік жауапкершілік бірінші кезекте бизнестің өзі үшін қажет, - деді Әлихан Смайылов.