Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматыда дәрігерлерге 140 млн теңгенің сапасыз қорғаныс құралдары сатып алынған

Бұл бұйымдарды қайтару немесе жою мәселесі сот шешімінен соң қолға алынады.

Алматыда дәрігерлерге 140 млн теңгенің сапасыз қорғаныс құралдары сатып алынған
Фото: ainews.kz

Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 140 млн теңгеге сатылып алынған сапасыз жеке қорғаныс құралдары туралы айтты, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл ақпаратты Facebook парақшасында Қайырғали Конеев жариялады. Қалалық департамент басшылығы аталған жазбаға қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, мамыр айында департамент басшысының міндетін атқарушы Әсел Халықова мен жеткізуші компания арасында құны 90 млн теңгеге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы басқа да бұйымдар (медициналық костюмдер) сатып алу туралы келісімшарт жасалған.

"Казэкспоаудит» ЖШС сынақ орталығының қорытындысына сәйкес, тауарлардың сапасы техникалық сипаттамаға сай келмейді. Осыған байланысты 2020 жылдың 23 қазанында департамент Алматы экономикалық сотына құқығын қорғау туралы шағым түсірді. Бұл бұйымдарды қайтару немесе жою мәселесі сот шешімінен соң қолға алынады", - деді департаменттен.