Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда не маңызды екенін айтты

"Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қандай салаларға өзгеріс керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Paryz.kz, Ақорданың Тwitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасай отырып.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда не маңызды екенін айтты
Сурет: baq.kz

"Қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет. Осы ретте, азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқарады", - деді Тоқаев.

Осы орайда мемлекет басшысы осы уақытқа дейінгі жетістіктерден айырылып қалмау маңызды екенін атап өтті. "Біз бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек. Мемлекетімізді нығайтып, кез-келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық", - деді ол.