Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

2022 жылы 700 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етіледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері бойынша бірқатар кеңес өткізді, деп хабарлайды Paryz.kz, ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

2022 жылы 700 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етіледі
Суреттің дереккөзі: https://primeminister.kz/

Сауда және интеграция министрлігі ұсынған шаралар шикізаттық емес экспортты, ішкі сауданы қолдау инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуін белсенді түрде тежеуге бағытталған.

Туризм саласында 192 инвестициялық жобадан тұратын пулды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастардың білім алуы мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту, оларды қолдау бойынша қаржылық және қаржылық емес құралдарды қолдану, азаматтық қоғамды жаңа қоғамдық шартты қалыптастыруға тарту, мемлекеттік органдардың халық пен бизнестің сұраныстарын ескере отырып, өзекті деректерді ашуы туралы шараларды ұсынды.

Денсаулық сақтау министрлігі, бірінші кезекте, ауылдық жерлерде халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамытуға баса көңіл бөледі — ауылдарда 80 медицина нысанын ашу көзделген, жылжымалы медициналық кешендер 3 млн-нан астам консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетеді.  Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында 70 гериатриялық кабинет ашу арқылы егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылданады. ЭКҰ-ға 7 мың квота бөліп, «Аңсаған сәби» бағдарламасы одан әрі іске асырылады. 8 балаларды оңалту орталығын, 2 ерте қолға алу орталығын ашу жоспарда бар.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылы 700 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етудің белсенді шараларымен қамтуды жоспарлап отыр. Шамамен 5 млн адам мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерімен қамтамасыз етіледі. Биыл халықтың орналасуының өңіраралық сәйкессіздігін азайту мәселелерін шешуге бағытталған Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы мен Әлеуметтік кодексті әзірлеу көзделіп отыр. Энергетика министрлігі электр таратушыларға бағаны ұстап тұру, ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне, электр энергиясына, сұйытылған және тауарлық газға деген қажеттілігін жабу, еліміздің отын-энергетика кешенінің түрлі салаларына инвестициялар тарту және т. б. бойынша шараларды ұсынды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған 2022 жылға арналған шаралар АТ білім алудың қолжетімділігін арттыруды,

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G ұялы байланыс стандартын енгізуді, геостационарлық емес спутниктік топтамаларды пайдалану арқылы шалғайдағы ауылдарды интернетпен қамтуды көздейді.

«Бағдарламаның барлық тармағы практикалық сипатқа ие болуы тиіс және халықтың тұрмыс сапасын нақты жақсартуға бағытталғаны жөн. Ел тұрғындары оң өзгерістерді сезінуі үшін тиімді шаралар әзірлеу қажет», — деді Премьер-Министр.