Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Тоқаевтың екі бірдей жиені "шенеуніктердің табыскер балалары" рейтингінде көш бастап тұр

Бай-манаптар балаларының осы бір рейтінгіне қарап отырсаңыз, әкелерінің аса танымал емесін кездестірмейсіз...

Тоқаевтың екі бірдей жиені "шенеуніктердің табыскер балалары" рейтингінде көш бастап тұр
фото: zonakz.net

Премьер-министрдің кеңесшісі, өзін-өзі қатты жақсы көретін "ұлы блогер" Ербол Еділов өзінше "Қазақстан жоғары лауазымды шенеуніктерінің ең табысты балаларынан" рейтинг жасап көріпті, деп хабарлады paryz.kz.

Әрине, бұндайда "жоғары лауазымдылардың жоғары лауазымдысының" (!) жақыны шет қалушы ма еді, президент Тоқаевтың бір емес, екі бірдей жиені көш бастаңқырап қалыпты. Қараңыз, олар бас прокурор Рашид Түсіпбеков пен "Самұрық Қазына" тұрғын үй қоры" АҚ-ның экс-басқарушы директоры Әділбек Көшеровтің ұлдарынан кейінгі үшінші, төртінші орындарға жайғасқан. Иә, тізімдегі сол Қаныш және Бекет Ізбастиндер – Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған жиендері!

Бай-манаптар балаларының осы бір рейтінгіне қарап отырсаңыз, әкелерінің аса танымал емесін кездестірмейсіз. Құдай-ау, не деген жоғары білікті, іскер, табыскер ұлдар десеңші! Арасында бір қыз жоқ, өңкей "тепсе темір үзетін" соқталдай жігіттер!

Сонда дейміз-ау, Қазақстанның экономикасы, қазақтың әлеуметтік ахуалы қалай көтерілмей жатыр, мынадай "елім деп еңіреген" әкелі-балалы, нағашылы-жиенді мықты-мықты қызметкерлері тұрғанда?!