Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ресей берген уәдесінен тайып, қазақстандық студенттерді шекарадан өткізбей жатыр

10 мыңнан аса қазақстандық студент қашықтан оқуға мәжбүр.

Ресей берген уәдесінен тайып, қазақстандық студенттерді шекарадан өткізбей жатыр
Фото: photo.airlines-inform.ru

Қазақстандық студенттер Ресейде оқи алмайды. Өйткені, оларды шекарадан өткізбеген. Дегенмен, елдің ең жоғары деңгейінде олар бұл мәселені қыркүйек айында шешуге келіскен еді, деп хабарлады paryz.kz.

Басқа қалаларға рейстер жоқ, ұшаққа билеттер желтоқсанға дейін сатылып кетті. Оларға жоғары оқу орындарына жетудің өзі арман болып қалды, делінген Евразия Бірінші арнасының хабарында.

"Оқулықтан қай тарауды оқы десе, біз соны оқимыз. Біз өз бетімізше конспект жазып, тапсырманы өзіміз талдап, оны өзіміз шешуіміз керек. Жануарлар анатомиясы, жануарлар фатанатомиясы, микробиология деген әлі күнге дейін практикалық сабақтар болып табылады", - деді Омбы аграрлық университетінің магистранты Савелий Шатохин.

Қазақстанда Ресейде оқитын 10 мыңнан астам студент бар және олардың барлығы бірдей жағдайға тап болған. Бір мысал. Петропавлдан Омбыға дейінгі арақашықтық - 300 шақырым. Автобуспен - 4 сағат. Билет құны шамамен 2 мың теңге тұрады. Енді жаңа талап бойынша бұлай жүре алмайсыз. Ол жерге жету үшін алдымен жолай такси тоқтатып, 500 шақырымды артқа тастап, қалтаңыздан 5 мың теңге шығарып, Нұр-Сұлтанға жетесіз. Ал ол арадан Мәскеуге ұшу керек - 2 мың шақырым, билеттің шамамен құны - 180 мың теңге. Мәскеуге барған соң Омбыға пойызбен немесе ұшақпен жету керек болады. Тағы 2 мың шақырымнан астам жол, ал билеттің құны 20-35 мың теңгені құрайды. Одан бөлек, ПТР-анықтамаға ақша шығару керек. Ақша да, билеттер де жоқ. Сондықтан қазақстандық студенттерге қашықтан оқудан басқа амал қалмайды.

"Ресейлік студенттер үшін Еуропа өз шекараларын әлдеқашан ашқан. Яғни, олар шетелге оңай кіре алады. Бізге неге жоқ? Тек Қазақстанның ғана емес, әртүрлі елдердің студенттері Ресейге кіре алмай отыр", - деді Тюмень индустриалды университетінің студенті Анна Неволко.

Ал Қазақстан СІМ тарапынан бұл мәселеге қатысты ешқандай жауап жоқ.