Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Мәсімов 4 жыл бұрын елде "төңкеріс" болатынын ескерткен дейді қоғам белсендісі

Қоғам белсендісі Серікжан Есенғосұлы 2017 жылдың қарашасында Facebook-тегі парақшасына Кәрім Мәсімовтің "құпиясын" ашқан жазба жариялапты.

Мәсімов 4 жыл бұрын елде "төңкеріс" болатынын ескерткен дейді қоғам белсендісі

Одан кейін 4 жыл, 2 айдай ғана уақыт өткен, ал ҰҚК экс-төрағасының суретінде бір астар болғанға ұқсайды.

"Барлық жол дерлік еңсерілді! Төңкеріске дейін өте аз қалды! Тепкішті басыңыз!

Мені қазақтардың аңғалдығы таңғалдырады. Бұл ана тілін білмеу дегенді білдіреді! Мына фотосуретті барлық БАҚ жариялады, бірақ ешкім не жазылғанын оқуға мән бермеді. Ал ол (Мәсімов, - ред.) тіпті бұл суретті түсіру үшін айыппұл төледі!

Рәміздер мен белгілер әлемді билейді!" - деп жазған екен Серікжан Есенғосұлы.


Енді суретке қарайық. ТӨҢКЕРІС ауылына 4 ШАҚЫРЫМ ҚАЛҒАНЫ жазылған тақтайша тұр. Оның қасында – велосипедімен аялдаған Кәрім Мәсімов. Ал содан 4 жылдан кейінгі жағдай көз алдымызда: елде «ТӨҢКЕРІС» бола жаздады, Кәрім Мәсімов ұсталды. Қызық...