Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Не үшін төрт өңірде ғана кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берілді?

Министрлік себебін түсіндіріп берді.

Не үшін төрт өңірде ғана кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берілді?
Фото: www.1in.am

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті не үшін санаулы қалаларда ғана кинотеатрлардың ашылуына рұқсат етілгенін түсіндірді, деп хабарлады paryz.kz.

Қазақстан бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 23 қазандағы қаулысына сәйкес, 26 қазаннан бастап эпидемиологиялық ахуал тұрақты өңірлерде кинотеатрлардың ашылуына рұқсат етілген.

Рұқсат етілген жағдайда кинозалдардың сыйымдылығы 30 пайыздан аспауы, міндетті түрде маска режимі сақталуы тиіс. Сондай-ақ, көрермендерді шахмат үлгісінде орналастырып, әлеуметтік арақашықтық сақталады.

26 қазанда Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстарында кинотетрлардың ашылуына рұқсат етілді. 27 қазаннан бастап Алматы қаласындағы кинотеатрлар жұмыс істей бастайды. Қалған өңірлердегі кинозалдардың жұмысы эпидемиологиялық ахуалға орай тоқтап тұр. Бұл мәселеге байланысты шешімді сол өңірлердегі бас мемлекеттік санитар дәрігерлер қабылдайды.