Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ұлтшылдардың кесірінен Қытаймен қарым-қатынасымыз нашарлады – Ертісбаев (ВИДЕО)

"Құдай сақтасын, олардың жоспарлары жүзеге асса, еліміз жаппай дағдарысқа ұшырап, талқандалса, онда ұлтшылдарымызға соңғы рет үлкен рахмет айту керек..."

Ұлтшылдардың кесірінен Қытаймен қарым-қатынасымыз нашарлады – Ертісбаев (ВИДЕО)
фото: дерекөз

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі, Қазақстанның бұрынғы мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев ұлтшылдардың кесірінен Қытаймен қарым-қатынасымыз қалай бұзылғаны туралы айтып берді деп жазады Orda.kz

"Ответь Бажкеновой" жаңа шығарылымында Қазақстанның саяси өмірінің белсенді қатысушысы және куәгері Ермұхамет Ертісбаев синофобия мен Қытайға қарсы митингілер толқыны басталған кезде Қытайдың Қазақстанмен қарым-қатынасы туралы үлкен мақала жазғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл мақала ұнады. Оның үстіне ол қытайтанушы, өзінің еңбек жолын ҚХР-да КСРО кезінде елшіліктен бастаған және қытай тілін жетік меңгерген.

Гүлнар Бажкенова "бұл ретте Қытаймен қарым-қатынасымыз нашарлады, өйткені олар қазір біздің жүктерді өткізбейді" деп атап өтті.

Соңғы, айталық, жарты жыл ішінде белгілі бір шиеленіс болуы мүмкін. Қытайға қарсы тақырыпты үнемі көтертен ұлтшылдарымызға рахмет айту керек. Ресей Федерациясымен қарым-қатынасты бұзғысы келетін де ұлтшылдарымыз бар. Құдай сақтасын, олардың жоспарлары жүзеге асса, еліміз жаппай дағдарысқа ұшырап, талқандалса, онда ұлтшылдарымызға соңғы рет үлкен рахмет айту керек, – деп жауап берді Ертісбаев.

Қазақстаннан өтетін жүктерді Қытай шекарадан қашан өткізе бастайды деген сұраққа саясаттанушы бұл түсінбеушіліктен туындаған уақытша жағдай екенін айтты. Сонымент қатар ол 1992 жылдың 2 қаңтарынан бастап ҚХР-мен дипломатиялық қатынастар орнатылғанын айтты. Ертісбаевтың пайымдауынша, "Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы тәуелсіздіктің барлық 30 жылында үлгі тұтарлық болған".