Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

ШҚО-да көлікті мас халде жүргізген павлодарлық әкім ұсталды

"Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады, жасаған ісіне өкінеді", - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

ШҚО-да көлікті мас халде жүргізген павлодарлық әкім ұсталды
фото: matritca.kz

Таяуда полиция Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында Павлодар облысына қарасты Ақжар ауылы әкімінің көлігін тоқтатқан. Сол сәтте Lada автокөлігінің рөліндегі әкім мас болып шықты, деп хабарлады paryz.kz.

Тәртіп сақшылары ішімдікке сылқия тойып алған шенеунікке хаттама толтырып, Павлодар облысының Май аудандық соты оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру және өзін 15 күнге қамау туралы шешім шығарды.

"Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, азамат орташа дәрежеде мас халде болған. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады, жасаған ісіне өкінеді", - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.