Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Аймағамбетов Байбектің орнына баруы мүмкін

Асхат Аймағамбетов 2019 жылдың маусым айынан бері Білім және ғылым министрлігін басқарып келеді.

Аймағамбетов Байбектің орнына баруы мүмкін
Фото: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін деген ақпарат тарады. Оған сәйкес, қазіргі министр Nur Otan партиясына баруы ықтимал деп хабарлайды Экспресс К сайты.

Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің басқа қызметке кетуі ықтимал. Бұл жағдайда осы қызметке қазіргі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тағайындалуы мүмкін, - деп жазады Yedilov Online телеграм каналы.

Асхат Аймағамбетов 2019 жылдың маусым айынан бері Білім және ғылым министрлігін басқарып келеді. Ал Бауыржан Байбек екінші рет партия төрағасының орынбасарының қызметін атқарып жүр.