Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Әзірбайжан қаза тапқан бейбіт тұрғындары үшін Арменияға есе қайтаруға бекінді

"Бұл – әскери қылмыс, адамзатқа жасалған қылмыс. Егер әлемдік қауымдастықтар оларды жазаламаса, кінәлілерді біз жазалаймыз", - деді Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев.

Әзірбайжан қаза тапқан бейбіт тұрғындары үшін Арменияға есе қайтаруға бекінді
фото: gazeta.ru

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Гянджа қаласын зымыранмен атқылау барып тұрған қылмыс екенін айтып, соғыс алаңында жауап қайтаруға уәде берді, деп хабарлады paryz.kzbaq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Баку Гянджа мен Мингечевир қалалары зымыранмен атқыланғанын хабарлаған. Атқылау кезінде 13 бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 52 адам жарақат алған.

"Бұл – әскери қылмыс, адамзатқа жасалған қылмыс. Егер әлемдік қауымдастықтар оларды жазаламаса, кінәлілерді біз жазалаймыз. Оларды соғыс алаңында жазалаймыз, жауап қайтарамыз", - деді Әлиев халыққа жасаған үндеуінде.

Сонымен қатар, ол Әзірбайжан әскерилері Қарабақтағы Физули қаласын бақылауға алғанын және Физули ауданындағы Гочахмедли, Чимен, Жуварлы, Пирахмедли, Мусабейли, Ишыглы, Дедели ауылдарын азат еткенін мәлімдеді.