Банк менеджері 80 млн долларды саусағының ұшын қимылдатпай алып алды.
Бірде банк тонауға барған ұры банктың ішіне кіріп, былай деп айқайлайды: "Қозғалмаңыздар!. Ақша – мемлекеттікі. Өмір – өзіңіздікі", - дейді. Барлығы тынышталып қалады. Бұл "Адамның ойлау жүйесін өзгерту" деп аталады.
Үстелдің үстінде жатқан әйелге ұры: "Мәдениетті болыңызшы, бұл зорлау емес, ұрлық", - деп айқайлайды. Бұл "Кәсіби болу" деп аталады. Өз ісіңізді ғана істеу.
Банк тонаушылар үйлеріне қайтқанда, кіші ұры (үйренуші) үлкен ұрыға (6 жылдық тәжірибесі бар адам): "Аға, қанша ақша алғанымызды есептейік!" - дейді. Оған үлкен ұры ашулы түрмен: "Сен ақымақсың! Ақшаны санау үшін бізге көп уақыт керек. Бүгін теледидардан қанша ақша ұрлағанымызды айтады", - дейді. Бұл "Тәжірибе" деп аталады. Қазіргі кезде қағаздағы жазулардан гөрі, тәжірибе маңыздырақ.
Тонаушылар кеткен соң банк менеджері басшысына xабарласып, дереу полицияға xабарлауды сұрайды. Бірақ, банк басшысы оған: "Тоқтаңыз! Банктен өзіміз үшін 10 млн доллар алып, оны бұрын иеленіп алған 70 млн долларға қосайық", - дейді. Бұл "Ағыспен бірге жүзу" деп аталады. Яғни, жағымсыз жайтты өзіңе пайдалану.
Басшы: "Әр ай сайын ұрлық болып тұрса ғой", - дейді. Бұл "Жеке бас бақыты жалықтыратын жұмыстан маңыздырақ" деп аталады екен.
Келесі күні жаңалықтардан банктен 100 млн доллар ұрланғандығы туралы xабарланады. Ұрылар мұнша сома ұрлағандарына сенбей, қайта-қайта ақшаларын есептеді, бірақ, олар 20 млн доллар ғана ұрлаған. Ұрылар қатты ашуланып: "Біз 20 млн доллар үшін өмірімізді қатерге тіктік пе?" - дейді. Банк менеджері 80 млн долларды саусағының ұшын қимылдатпай алып алды. Сондықтан ұры болғаннан гөрі білімді болған дұрыс. Бұл "Білімнің құны алтынмен бірдей" деп айтылады.
Банк менеджері бақытты еді. Өйткені, оның шығындары осы ұрылар арқылы жабылып кетті. Бұл "Мүмкіндікті пайдалану" деп аталады.
Сонымен, бұл жерде шын ұры кім?..
Ағылшын тілінен аударған – Балнұр ҚОЖАГЕЛДІ