Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Пошел на қой, мразь!": Талғат Рысқұлбек жұртты сынаудан сыбауға көшті

"Таза тақуа, құдайшыл болса, менің мәдениетті де сыпайы сұрағыма сабырмен жауап беру керек еді. Және діндар болса, тек бір Алладан қорқып, биліктен еш қорықпау керек", - дейді қоғам белсендісі.

ТАЛҒАТ РЫСҚҰЛБЕКТІҢ МАСКАСЫ ШЕШІЛІП, КІМ ЕКЕНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ Талғат Рысқұлбекке "Жер мәселесін неге жазбайсыз" деп едім,...

Опубликовано Талғатом Қатауовым Среда, 14 октября 2020 г.
"Пошел на қой, мразь!": Талғат Рысқұлбек жұртты сынаудан сыбауға көшті
фото: Қазис Тоғызбаев

"ЕЛ мен Жер" қозғалысы бастамашыл тобының мүшесі Талғат Қатауов Facebook-тегі парақшасында өзінің аттасы, атышулы Талғат Рысқұлбековтің шынайы бет-бейнесін ашып көрсетті, деп хабарлады paryz.kz.

"ТАЛҒАТ РЫСҚҰЛБЕКТІҢ МАСКАСЫ ШЕШІЛІП, КІМ ЕКЕНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ" деген тақырыптағы жазбасында қоғам белсендісі былай дейді:

"Талғат Рысқұлбекке "Жер мәселесін неге жазбайсыз?" деп едім, биліктен қорқып, мені боқтап, үні өшіп қалды. Таза тақуа, құдайшыл болса, менің мәдениетті де сыпайы сұрағыма сабырмен жауап беру керек еді. Және діндар болса, тек бір Алладан қорқып, биліктен еш қорықпау керек. Оралдан тауып алам деп герой болады, бірақ, тел номерін беруге, өзі соғуға қорқады. Осыдан Талғат Рысқұлбековтің құдайдан емес, жер мәселесін айту үшін биліктен қорқатынын аңғаруға болады. Енді кімнің кім екенін білдіңдер!".

Қысқасы, Қатауов Талғат Рысқұлбек Талғатқа жер саудасы бойынша мәселе көтеруді сұрап, өтініш жазған ғой. Аттасы бірден: "Пошел на қой, мразь! Сені өзім-ақ тауып алармын. Уральскте болсаң, тем более!" деп салыпты.

Осылайша, бір Талғаттың екінші Талғатты жер мәселесіне араластырмақ болған талабы орындалмай қалған екен. Бірақ, тауы шағылмапты.

"Талғат Рысқұлбектің жер дегенде үні өшіп, маскасы шешіліп қалды. Елдің алдында халықшыл, ақылшы болғанымен, Талғат Рысқұлбек ешқашан жер мәселесін айтпаған, жазбаған. Алладан ғана қорқу керек болса, діндар Талғат Рысқұлбектің биліктен қатты қорқатынына осы сөзім нақты дәлел", - дейді Қатауов.

Ұят болған екен.