Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Елімізде аудан әкімдері қала әкімдерінен артық айлық алады

Тікелей эфирде Атырау облысындағы аудан әкімдерінің кірістері туралы да ақпарат айтылды. Олар айына 755 485 теңге алатын болып шықты.

Елімізде аудан әкімдері қала әкімдерінен артық айлық алады
фото: 24.kz

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев "Antikor.Live" жобасы аясындағы тікелей эфирде өз жалақысының мөлшерін атады, деп хабарлады, paryz.kz, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Тікелей эфирде Атырау облысындағы аудан әкімдерінің кірістері туралы да ақпарат айтылды. Олар айына 755 485 теңге алатын болып шықты. Жалақыға қатысты сұраққа Қайрат Оразбаев та жауап берді. Қала басшысы салықтар мен зейнетақы аударымдарын шегергенде, қолына 380 мың теңге алғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін жалақыға қатысты сұраққа Қостанай қаласының әкімі де жауап берген еді. Шаһар басшысының cөзінше, ол айына 484 мың теңге алады. Ал Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің жалақысы – 766 мың теңге. Яғни, қала басшысының жалақысынан 300 мың теңгедей артық алады екен.

Ал Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова ОКҚ-дағы онлайн брифингте "Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюға бола ма?" деген сұраққа жауап берген болатын. Ол Президенттің тапсырмасы бойынша шенеуніктердің санын қысқарту арқылы қалған мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын еске салды. Алайда, жалақы қашан және қаншаға өсетіні туралы сұраққа жауап беруге қиналған еді. Бірақ, жоғарыдан шешім қабылданғаннан кейін оны БАҚ-та жариялауға уәде берді.

Айтуынша, 2021 жылы барлық мемлекеттік органдарда факторлы-балдық шкала енгізіледі және бұл мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының өсуіне әсер етуі мүмкін. Ал лайықты әлеуметтік пакет – мемлекеттік қызметкерлер алатын медициналық жеңілдіктер. Кейбір санаторийлерде демалуға мүмкіндік беріледі.

"Қызметкер заңды бұзбай, отбасын да қамтамасыз етуі үшін әлеуметтік пакет пен лайықты жалақы бекітіледі", - деді Анар Жайылғанова.