Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына сапармен барды

Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына сапармен барды
фото: дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады. Сонымен қатар "Қазақмыс" компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады.

Бұдан бөлек Президент дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Өркен" мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне барады.