Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Банктер ақша-несие саясатын күшейтуге көшті: Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Кездесу барысында жыл соңына дейін және 2022 жылға арналған энергия тасымалдаушылар бағасына қатысты болжамдар ұсынылды.

Банктер ақша-несие саясатын күшейтуге көшті: Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады
фото: дереккөз

Президент Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Ұлттық банк төрағасы биылғы 9 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары туралы, әлемдік экономиканы қайта қалпына келтірудің қарқыны және оны пандемияға дейінгі деңгейге жеткізу, сондай-ақ дамыған елдердегі орталық банктердің ақша-несие саясатын күшейтуге көше бастағаны жөнінде есеп берді деп хабарлайды Paryz.kz, Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаевқа Ұлттық банктің Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырып жатқан инфляцияға қарсы кешенді шаралары және инфляцияны болдырмау жөніндегі монетарлық саясаттың негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қатысты баға биылғы тамыз айындағы 10,4 пайыздан қыркүйекте 9,6 пайызға дейін төмендегені атап өтілді.

Ұлттық банк төрағасының мәліметі бойынша шикізат тауарлары бағасының қымбаттығына, тұтынушылар тарапынан туындаған шектеулерге байланысты әлемдегі тұтыну бағалары ең жоғары деңгейде сақталып отыр.

Кездесу барысында жыл соңына дейін және 2022 жылға арналған энергия тасымалдаушылар бағасына қатысты болжамдар ұсынылды.