Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Тоқаев 11 қыркүйекте АҚШ-та болған террорлық шабуылға қатысты пікір білдірді

"Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың терроризмге қарсы іс-қимылдарын түбегейлі қолдайды..."

Тоқаев 11 қыркүйекте АҚШ-та болған террорлық шабуылға қатысты пікір білдірді
фото: ашық дереккөз

Бүгін - 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында болған террорлық актіден қаза тапқандарды еске алу күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның терроризмге қарсы күрес жөніндегі жаһандық іс-қимылдарды қолдайтынын нақтылады деп хабарлайды Paryz.kz.

Бүгін біз де бүкіл әлемді дүр сілкіндірген АҚШ тарихындағы ең қаралы күндердің бірі – 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық акт құрбандарын еске аламыз. Жалпы адамзатқа қарсы жасалған осы жантүршігерлік оқиға бүкіл әлемдегі миллиондаған адамның жадында берік сақталған. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың терроризмге қарсы іс-қимылдарын түбегейлі қолдайды. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – Қазақстан стратегиясының және АҚШ-пен стратегиялық серіктестігіміздің негізгі ұстанымы, – деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-парақшасында.