Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Маңғыстауда "малы қырылған" экс-әкім сенатор болып кетті

Бұл өңірге Энергетика экс-министрі Нұрлан Ноғаев барды.

Маңғыстауда "малы қырылған" экс-әкім сенатор болып кетті
фото: ашық дереккөз

Серікбай Трұмов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды деп хабарлайды Paryz.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Трұмов Серікбай Өтелгенұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Бұған дейін ол Маңғыстау облысының әкімі болған. Бұл өңірге Энергетика экс-министрі Нұрлан Ноғаев барды.

Серікбай Өтелгенұлы Трұмов 1964 жылы 3 маусымда ҚКСР Гурьев облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

- В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты (1992), инженер-құрылысшы

Мансабы:

1981-1990 жж. – "Маңғышлақауылқұрылыс-12" тресінде әр түрлі қызметтерде болған;

1990-1994 жж. – "Маңғышлақауылқұрылыс-12" тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы;

1994-1995 жж. – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы;

1995-2004 жж. – "Түпқараған" ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры;

2004-2006 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;

2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;

2008-2012 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;

2012-2015 жж. – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі;

2015-2017 ж.ж. - Ақтау қаласының әкімі;

2017 жылы қараша айында алтыншы сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды;

2019 жылдың маусым айынан бастап Маңғыстау облысының әкімі.