Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Жетісайлық тракторшы қыз күніне 10 гектар жер жыртып, табыс табады (ФОТО)

"Күнделікті ісім осы болған соң, трактордың аз-кем техникалық ақаулықтарын жөндеуді де үйреніп алдым", - дейді ол.

Жетісайлық тракторшы қыз күніне 10 гектар жер жыртып, табыс табады (ФОТО)

Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Қызылқұм елді мекенінің тұрғыны Арай Асылбекқызы 11 жасынан бастап трактор жүргізеді. Бүгінде ол трактордың көмегімен ауылдастарының егістік жерлерін жыртып, табыс та тауып жүр, деп хабарлады paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен кішкентай күнімнен жеңіл көлікке қарағанда, осы техникаға деген қызығушылығым арта түсті. Осындай ерекшелігімді байқаған әкем мен ағаларым бетімнен қақпай, керісінше, трактордың қыр-сырын үйретті. Сол үшін оларға шексіз алғысымды айтамын. Міне, соның арқасында күніне 10 гектарға дейін егістік жерді жыртып, диқандарға көмегім тиіп келеді. Күнделікті ісім осы болған соң, трактордың аз-кем техникалық ақаулықтарын жөндеуді де үйреніп алдым", - дейді Арай Асылбекқызы.

Қазір Түркістан қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 1-курс студентін ауыл арасында "тракторшы қыз" деп те атайды екен. Оның білім алып жүрген негізгі мамандығы - тіс дәрігері.