Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Күйеуі жұмыстан ерте келген сияқты...": балконда асылып тұрған кім? (ВИДЕО)

Ал екінші тарап бұндай видеоларды жариялаудың дұрыс емес екендігін түсіндіруге тырысып бақты.

"Күйеуі жұмыстан ерте келген сияқты...": балконда асылып тұрған кім? (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде ер адамның балконда ілініп тұрған сәті тарап, көптің қызу талқысына түсіп жатыр, деп хабарлады paryz.kz.

Видео мен фотолар Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_almaty тобында пайда болды. Кадрдан ер адамның балконда ілініп тұрғанын байқау қиын емес. Тағы бір суретте оның бір қызбен әңгімелескені де көрінеді. Алдын ала болжам бойынша, бұл жайт Алматы қаласындағы Арбат саябағының маңында болған. Видеоны көрген желі оқырмандарының пікірі екіге жарылған. Бірі видеоны көріп, көңіл-күйлері көтерілгенін жеткізген.

"Күйеуі жұмыстан ерте келген сияқты", "Ары қарай не болғаны қызық болып тұр", "Банктен адамдар келіп қалды" деп қалжыңдады олар.

Ал екінші тарап бұндай видеоларды жариялаудың дұрыс емес екендігін түсіндіруге тырысып бақты.

"Видео авторы, сенің жасағаның ер-азаматқа тән емес", "Видео күлкілі болғанымен, өте қорқынышты", "Не болып барамыз, осындай сәттерді де видеоға түсіретін болған ба?", "Балконға ілініп тұрған жігіттікі де дұрыс емес, түсірген видео авторының да әрекетін қолдамаймын" деп жазды қарсы тарап.

Одан бөлек, пікір білдіргендердің арасында видеоны дүкеннің жарнамасы дегендер де табылды.