Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Талдықорғанда мас адам полицейге боғауыз жаудырды (ВИДЕО)

"Саған өзімді таныстыруым керек пе? Мүмкін саған билеп, сырнайда ойнап беруім керек шығар?" - деп ашуланды ол.

Талдықорғанда мас адам полицейге боғауыз жаудырды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының тұрғыны мен учаскелік полицейдің әңгімесі түскен видео пайда болды. Облыстық полиция департаментінің өкілдері бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлады paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видео Instagram-да жарияланды. Ескерту: кадрда әдепсіз сөздер көп. Онда учаскелік инспектор тұрғыннан толық аты-жөнін айтуды сұрайды. Алайда ер адам қарсылық танытып, полиция қызметкеріне тіл тигізе бастайды.

"Жүйкем сондай. Дөрекілік емес, бұл - менің сөз қорым. Саған өзімді таныстыруым керек пе? Мүмкін саған билеп, сырнайда ойнап беруім керек шығар?" - деп ашуланды ол.

Алматы облыстық Полиция департаментінің өкілдері оқиғаның 21 желтоқсанда Талдықорған қаласында болғанын хабарлады.

"Учаскелік полиция пунктіне мас халде жерде жатқан, бұрын сотталған 50 жастағы ер адам жеткізілді. Ол агрессивті болды. Билік өкілінің заңды талаптарына бағынбай, оны қорлады және балағат сөздер айтты. Ұсталған ер адамның әрекеті ҚР ҚК-нің 378-бабы, 1-бөлігі ("Билік өкілін қорлау") бойынша қаралды", - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметіндегілер.