Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Айлық пен шайлық

Айлық пен шайлық
Сурет: nur.kz

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы арқылы кез-келген елдің  бет-бейнесін,  елдегі жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттың қандай екенін де білуге болады.

Конституциямызда Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны жазылған. Осы орайда, әлемдегі дамыған алдыңғы отыздыққа ену мақсатын қойған Қазақстанымыз үшін әлі талай белестен өту керек сияқты.

Осыдан 30 жыл бұрынғы ахуалды еске алсақ, құнсызданған ұлттық теңгеміз,  күнкөріс қамымен базар жағалаған мұғалімдер мен дәрігерлер секілді бюджет қызметкерлері көз алдымызға келері анық. Қазіргі әлеуметтік жағдайымыз  қандай? Азық-түлік дүкендеріндегі  50 пайыз жеңілдікпен сатылатын азық-түлікті алып, талғажау ететіндерді , жұмыссыздықтан салы суға кеткендерді көргенде өзегің өртенгендей болады.

Еске Шерхан Мұртаза ағамыздың «иен байлықтың үстінде жалаңбұт отырмыз» - деген сөзі еріксіз еске түседі... 

Әлемдік дағдарыстар әр кезде болған, бола береді. Бірақ, үкіметіміздің түрлі сценарийлерге төтеп беруі қажет емес пе? Айлығының 80-90 пайызы тамақтан артылмайтын халқымыздың өмірі қаншалықты сапалы?  

Әлемдегі ең мықты дамыған отыздықтың ондығына кіретін дәмеміз де болған. Ол үшін орта таптың көбеюі керек емес пе? Кез-келген еуропалық елдердің тұрғындарынан елдеріндегі ескі көлік қандай деп сұрасаңыз, 3 жылғы көлікті нұсқары анық. Ал біз үшін 3 жылғы көлік жаңа болып есептеледі... Біздің елде көпшілігіміздің қолымыз автокөлікке жетпей отырғанын қалай жасырамыз?

Бұл әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың кері кеткені емей немене?

Жаңа парламентімізді сайладық. Алда жаңа үкіметтің құрамын тағайындау міндеті тұр. Тек,  халықтың  сенімін төмендетіп алмай, жұмыстары нәтижелі болса екен?