Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Жыл басынан бері 1 265 адам жол апатынан мерт болған" - ІІМ

Биылғы 9 айда 8 933 жол-көлік апаты орын алған.

"Жыл басынан бері 1 265 адам жол апатынан мерт болған" - ІІМ
Фото: gtrkkursk.ru

2020 жылдың 9 айының ішінде 8 966 жол-көлік апаты орын алып, 1 265 адам қаза тапты. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтып берді.

"2020 жылдың 9 айында 8 933 жол-көлік апаты орын алып, салдарынан 1 265 адам қаза тапса, 11 780 адам жарақат алды. Өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік апаты -22, қаза болғандар - 16, жарақаттанғандар - 23 пайызға төмендегені байқалады. Жол-көлік апатының негізгі себебі - әлі де болса жол жүру ержесін бұзу болып тұр. Жол апаттарының үштен бірі жылдамдық режимін асырудан орын алған. Мұндай 2 833 оқиға болып, 527 адам қайтыс болды, 3 918 адам жараланды. Көлік апаты кезінде 344 жаяу жүргінші мерт болып, 2 897-сі жарақат алды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің кесірінен 356 жол апаты болды. Одан 75 адам қаза тауып, 298-і жараланды. Елді мекендерде 6 740 жол-көлік апаты орын алған", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Серік Түсіповтің атап өтуінше, ІІМ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Жолдардағы бақылау күшейтілген. Елді мекендерде патурльдік полиция кезекшілікке шығатын 2 мыңнан астам бағдар мен қала маңындағы 211 автомобиль жолы айқындалған.

"Мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жедел алдын алу шаралары тұрақты өткізіледі. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 3 миллионннан астам жол жүрісі ережесін бұзушылықты анықтады. 119 мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлігін мас халде жүргізген 13 мың жүргізуші ұсталды. Сот 15 мыңнан астам жүргізушіні көлік жүргізу құқығынан айырды. Жол жүрісі ережесін бұзған 12,5 мың адам әкімшілік тұтқынға алынды", - деді Серік Түсіпов.