Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алматыда ер адам көлігімен кішкентай қызды соғып, қашып кеткен (ВИДЕО)

Ол 72 жастағы азамат болып шықан.

Алматыда ер адам көлігімен кішкентай қызды соғып, қашып кеткен (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматыдағы аулалардың бірінде көлік жүргізушісі қыз баланы соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Болған жайтқа қатысты қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Instagram парақшасында пікір білдірді деп хабарлайды Paryz.kz

Әбдіразманов жариялаған видеодан көлік жүргізушісінің кішкентай қызды соққанын көруге болады. Оған ересек адам мен басқа да балалар көмекке келген. Ал көлік жүргізушісі көлікті бұрып, жол апаты орнынан қашып кеткен.

Полицейдің мәліметіне қарағанда, бұл факты бойынша тексеріс жүргізіліп, күдікті анықталып, ұсталған. Ол 72 жастағы азамат болып шықан.

Азамат Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы, 2-бөлігі, 611-бабы 2-бөлігі - "Көлік құралы жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, соның салдарынан жәбірленушіге жеңіл дене жарақатын келтіру" және "Жүргізуші өзі қатысқан жол-көлік оқиғасы орнынан жол қозғалысы ережелерін бұза отырып кетуі" бойынша жазаға тартылды, - деді Р. Әбдірахманов.