Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Атырауда жасөспірімдер кішкентай балаға оқ атқан

Оқиға 1 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында болған.

Атырауда жасөспірімдер кішкентай балаға оқ атқан
фото: ашық дереккөз

Атырауда жасөспірімдер кішкентай балаға травматикалық тапаншамен оқ атқан, деп хабарлайды Paryz.kz

Оқиға 1 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында болған. Баласына оқ атылғаны туралы атыраулық әйел полицияға шағымданған. 

Тексеру кезінде Атырау қаласының СМП-136 шағын ауданындағы №4 үйдің ауласынан 12 жасар екі жасөспірім анықталды. Жасөспірімдердің теріс қылығы үшін 5 ата-анадан жазбаша арызы алынды. Сондай-ақ, пластик оқ атылатын ойыншық тапаншалардың суық қаруға жататынын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды, – делінген ПД хабарламасында.

Оқ атқан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарымен және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) хаттама толтырылды.

Жинақталған іс құжаттары мамандандырылған кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа жолданады.