Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері тұтқындалды (ВИДЕО)

Ол кәсіпкерден ақша бопсалаған

Экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері тұтқындалды (ВИДЕО)
Фото: inbusiness.kz

ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерден ақша бопсалаған, деп хабарлады paryz.kz.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ішкі тергеу департаменті  Алматы облысы бойынша өзін Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, алдау және сенімге кіру арқылы кәсіпкерден 30 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған Алматы қаласының тұрғынын ұстады, - деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ақша қаражатын алғаннан кейін қылмыскер ұсталды және кінәсін мойындады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында құқық бұзушының ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің (бұдан әрі - ЭТҚ) бұрынғы қызметкері екені анықталды. Ол 2017 жылы пара алғаны үшін сотталып, жұмыстан шығарылған.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.