Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Сәләфит" жігіт суретке түсіруден бас тартқан адамға жұдырық ала жүгірген

Ол бұған дейін де қарақшылық үшін жауапқа тартылған болып шықты.

"Сәләфит" жігіт суретке түсіруден бас тартқан адамға жұдырық ала жүгірген
Фото: odessa.web2ua.com

Исламның деструктивті ағымы - сәләфизмді ұстанатын жігіт өзін суретке түсіруден бас тартқан азаматты ұрып тастады, деп хабарлады paryz.kz.

Сәләфит азамат Павлодар тұрғыны болып шықты. Ол аулада жүрген көршісінен телефонына суретке түсіріп жіберуін өтінген. Алайда, ішімдік ішіп алған көршісі суретке тегін емес, бір жартыға түсіріп беретінін айтқан. Жанжал осы жерден басталған.

Ақырында көршісі ауруханаға жатқызылып, салафизмнің жақтаушысына ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіле бастады.

Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "фотосуретке түскіш" азамат бұған дейін де қарақшылық үшін жауапқа тартылған екен.