Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Елордада жасөспірім дүкендегі пышақпен сатушыны тонап кетті

Тергеу барысында 17 жастағы жігіттің дүкенге кіріп, сатушыдан сатылымға қойылған ас үй пышағын көрсетуді сұрағаны анықталды. Пышақты қолына алған ол сатушы әйелді қорқытып, ақша талап еткен.

Елордада жасөспірім дүкендегі пышақпен сатушыны тонап кетті
фото: ашық дереккөз

Елордалық полицейлер дүкендегі сатушыға қарақшылық шабуыл жасаған жасөспірімді ұстады деп хабарлады Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицияның "102" арнасына күндізгі уақытта дүкендердің бірінен белгісіз жігіттің сатушыны пышақпен қорқытып, 100 мың теңге ақша алып кеткені туралы қоңырау түскен.

Тергеу барысында 17 жастағы жігіттің дүкенге кіріп, сатушыдан сатылымға қойылған ас үй пышағын көрсетуді сұрағаны анықталды. Пышақты қолына алған ол сатушы әйелді қорқытып, ақша талап еткен. Әйел жасөспірімнен пышақты тартып алуға тырысқан. Алайда осы сәтте күдікті оны қолынан жарақаттап, кассадағы ақшаны алып, қашып кеткен.

Қаскөйді патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұстады. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің полиция есебінде тұрғаны және бұрын қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғаны анықталды.

Дүкенде бейнебақылау камералары болған жоқ. Бірақ сатушы күдіктінің белгілері мен киімдерін есінде сақтап қалған. Шұғыл түрде бағдарлау жасалды. Жедел уәкілдер күдіктінің нақты белгілерін анықтады. Күдікті отырған такси көлігі анықталып, ол ұсталды, – деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.