Компанияның мәліметінше, бортты ауыстырғаннан кейін жолаушылар Тбилисиге сағат 00:40-та ұшып кетті.
Air Astana әуе компаниясы ұшаққа найзағай түсуіне қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Zakon.kz.
9 тамызда Алматы уақыты бойынша сағат 20:30-да KC139 рейсімен Алматы-Тбилиси бағыты бойынша ұшып шыққан ұшаққа найзағай түскен болуы мүмкін деген себеппен борт әуежайға қайта оралды. Ұшақ қалыпты режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ.
Компанияның мәліметінше, бортты ауыстырғаннан кейін жолаушылар Тбилисиге сағат 00:40-та ұшып кетті. Ұшақ толық тексерілді, найзағайдың ізі табылмады. Ұшақ пайдалануға қайтарылды.
Бұған дейін Алматы-Тбилиси рейсінің жолаушысы ұшаққа найзағай түскенін хабарлаған еді.