Орал қаласының аумағынан арнайы жабдықталған бөлмеде тыйым салынған өсімдіктерді өсірген Ресей Федерациясының азаматы ұсталды.
Орал қаласының аумағынан арнайы жабдықталған бөлмеде тыйым салынған өсімдіктерді өсірген Ресей Федерациясының азаматы ұсталды.
– БҚО ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 1985 жылы туған А деген азаматтың мекенжайын тексерді. Тексеріс барысында үй жағдайында құрамында есірткі бар өсімдік өсіруге лайықталып жабдықталған зертхана тауып алды. Қылмыс орнынан қарасора сортына келетін 8 бұта мен арнайы құрылғы тәркіленді, – деді БҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры М. Аблазимов.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды.
Жұбан МҰРАТ,
Орал қаласы