Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін көлікпен басып кетті

Қалалық Полиция департаменті бұрынғы күйеуіне жас келіншектің өзі келгенін мәлімдеді.

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін көлікпен басып кетті
фото: ашық дереккөз

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін көлікпен басып кетті деп хабарлайды Paryz.kz.

Оқиға 17 маусым күні кешке болған. Жедел-жәрдем мен полицияны Жетісу ауданының тұрғындары шақырған.

Қалалық Полиция департаменті бұрынғы күйеуіне жас келіншектің өзі келгенін мәлімдеді.

"Ол күйеуінен көлікті тұраққа дейін айдап баруды өтінген. Ер адам рульге отырған кезде әйел қозғалып бара жатқан көлікке отырмақшы болған. Сол кезде оны көлік басып кеткен. Сонымен қатар ер адамның мас болғаны және жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды", - деп хабарлады полициядан.

Полиция аталған дерек бойынша тексеруді бастады.