Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Жамбыл облысында полицейді пышақтаған ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

Полиция қызметкері аудандық ауруханаға жатқызылды, оның денсаулығына қауіп жоқ.

Жамбыл облысында полицейді пышақтаған ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Жамбыл облысы Шу ауданында учаскелік полиция инспекторы бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды Paryz.kz

8 маусымда, яғни кеше түнгі сағат 22:50 шамасында Шу аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторының ұялы телефонына Шу қаласының 37 жастағы тұрғыны хабарласып, өзінің азаматтық некедегі күйеуі отбасылық жанжал шығарып жатқаны туралы айтқан.

Шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторына 27 жастағы жанжал шығарушы бірнеше рет пышақ жарақатын келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция қызметкері аудандық ауруханаға жатқызылды, оның денсаулығына қауіп жоқ.

"Аталған дерек бойынша "Сирена-1", "Тосқауыл" жоспарлары жарияланып, іздеу жұмыстарына Полиция департаменті және Шу, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ізін суытпай Шу ауданының Алға ауылынан ұсталды, оның жеңіл дәрежедегі масаң күйде екендігі анықталды. Ол Шу ауданындағы Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", – деп хабарлады Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы 1-бөлігі (“Билік өкіліне қатысты күш қолдану”) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.