Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Алматыда тапа-тал түсте қызды тонап кетті (ВИДЕО)

Сондай-ақ ДП бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел қызметкерлер мұқият зерттейтінін қосты. 

Алматыда тапа-тал түсте қызды тонап кетті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматыда тал түсте көшеде қызды тонап кеткен сәт видеоға түсіп қалды. Қалалық Полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Paryz.kz

Белгісіз ер адам қызды тонаған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде таралды. Видеодан үстіне спорттық киім киіп, капюшонын баса киген жас жігіттің қызды жұлқып, қолындағы телефонын таптып алып кеткені көрінеді. 

Қыз өзін қорғауға тырысқанымен, ер адам бой бермейді. Ол қызға жақындап келіп, ашық түрде қорқытып, итеріп жіберген. 

"Бүгін таңертең 9.31-де Айвазовский көшесінде жеке секторда тонау болды", - дейді желіде жарияланған жазбада.

Полиция бұл факті қылмыстық кодекстің "тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін және Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімімен тергеліп жатқанын айтты.

"Қылмыс бүгін таңертең жеке секторда болды. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушының жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізілуде. Оны қолға түсіру - уақытты қажет етеді", - деді Алмалы аудандық ПБ бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Сондай-ақ ДП бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел қызметкерлер мұқият зерттейтінін қосты.