Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматы облысында 18 жастағы азамат әскери бөлімнен қашып кетті

Жергілікті БАҚ Мырзабаев тамызда 19 жасқа толатынын жазды.

Алматы облысында 18 жастағы азамат әскери бөлімнен қашып кетті
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында 18 жастағы әскери қызметші Дархан Мырзабаев Заречный кентіндегі 5574 әскери бөлімінен өз еркімен кетіп қалған. Екі күннен кейін оны әскери полиция ұстады. Бұл туралы Paryz.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

14 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданынан шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметші Дархан Мырзабаев бөлімнен рұқсатсыз кетіп қалады. Оны әскери бөлімнің жеке құрамы іздестіріп, өзара әрекеттегі органдарға да хабарланды.

Жергілікті БАҚ Мырзабаев тамызда 19 жасқа толатынын жазды.

"Дархан Мырзабаевты 16 мамыр күні таңғы сағат үште Сарыөзек станциясында әскери полиция ұстады. Сарбаздың айтуынша, үйін сағынып әскери бөлімнен кеткен", - деп атап өтті ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта Мырзабаев Заречныйдағы әскери бөлімге оралды. Аталған факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша қатардағы жауынгерге қатысты тәртіптік шара қолданылады, деп қосты Ұлттық гвардиядағылар.