Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Атырау облысында келіншек 4 айлық баласын пышақтап тастаған

Ол сәбиге асүй пышағын бірнеше рет сұққаны хабарланды.

Атырау облысында келіншек 4 айлық баласын пышақтап тастаған
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында төрт айлық баланы анасы пышақтап өлтірген, деп хабарлады Paryz.kz Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының 41 жастағы тұрғыны 26 сәуірде баласын қатты жылағаны үшін өлтіргенін мойындаған. Ол сәбиге асүй пышағын бірнеше рет сұққаны хабарланды.

"Аталған факт бойынша 99-баптың 2-бөлігі 3-тармағына (Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды өлтіру) сәйкес соталды тергеу басталды. Күдікті ұсталды", - деді Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.