Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Өзге көлікті пранк үшін ұрып сындырған Gelandewagen жүргізушісінің басы дауға ілікті (ВИДЕО)

Полицияның хабарлауынша, олар бәрібір жазадан құтылмайды.

Өзге көлікті пранк үшін ұрып сындырған Gelandewagen жүргізушісінің басы дауға ілікті (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Желіде Алматы қаласында Gelandewagen тізгіндеген жігіттің өзіне жол бермеген көліктің алдыңғы терезесін таяқпен ұрып сындырғаны бейнелеген видео тарады. Қалалық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Видеода екі көліктің жарысып келе жатқанын көруге болады. Одан кейін жүргізушілер сөзге келіп қалып, Gelandewagen мінген ер адам қапталындағы көліктің жолын кесіп, тоқтайды. Көліктен таяқ ұстап шыққан ол алдымен видео авторы отырған көліктің есігін ашуға тырысады. Кейіннен алдыңғы терезені ұрып сындырады. 

Бұған қатысты пікір білдірген Алматы қалалық полиция департаменті видеоның пранк ретінде түсірілгенін анықтаған.

"Ағамыз алдыңғы терезенің жарылғанын айтқан. Содан біз тосынсый жасаймыз деп, осындай видео түсірдік. Достарға да көрсеттік. Олар жан-жаққа таратып жіберді. Енді қайталанбайды. Кешірім сұраймыз, балағат сөздер үшін де кешірім сұраймыз. Өзіміз де бұлай болатынын білмедік", – дейді видео кейіпкерлері. 

Полицияның хабарлауынша, олар бәрібір жазадан құтылмайды.

"Жетісу аудандық полиция басқармасы оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырды", – дейді қалалық полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, осы бап бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш (14 585 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.