Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, келтірілген шығын сомасы шамамен 8 миллион теңге.
Нұр-Сұлтанда Триатлон саябағынан 66 көше шамы ұрланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті өкілдері мәлім етті, деп хабарлады Paryz.kz.
Полиция мәліметіне сүйенсек, Триатлон саябағындағы шамдарды екі ай бойы көше және саябақ жарығына жауапты ЖШС-нің үш қызметкері ұрлап келген. Олар түнгі уақытта саябақ аумағына кіріп, екі метр тіректерге шығып, шамдарды бұрап алған.
Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, келтірілген шығын сомасы шамамен 8 миллион теңге.
"Түнгі уақытта тұрақты түрде саябақ ауданына кірген қызметтік автокөлік жедел уәкілдердің қызығушылығын тудырды. (...) Ұрлық жасады деген күдікпен полицейлер ЖШС-нің 32, 49 және 50 жастағы үш қызметкерін ұстады.
Анықталған дерек бойынша "Ұрлық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында заттай дәлелдемелер шамды сатып алушыдан ішінара алынды", - делінген хабарламада.