Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Дубайда жалаңаш фотосессияға түскен қыздардың бірі түрмеде өміріне қауіп төнгенін мәлімдеді

Украиналықтың айтуынша, ұсталған  12 қыз түрмеде бір төсеніште ұйықтауға мәжбүр болған.

Дубайда жалаңаш фотосессияға түскен қыздардың бірі түрмеде өміріне қауіп төнгенін мәлімдеді
Фото: дереккөз

Дубай полициясына қонақүйдің балконында жалаңаш фотосессия жасағаны үшін ұсталған украиналық қыз араб түрмесіндегі жағдайды және бір камерада болған адамдар тарапынан төнген қауіп туралы ТСН.иа сайтына айтып берді, - деп хабарлайды  Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Украиналықтың айтуынша, ұсталған  12 қыз түрмеде бір төсеніште ұйықтауға мәжбүр болған. Олардың ұялы телефонын алып қойған. Сегіз күнде ешқайсына үйге қоңырау шалуға рұқсат етілмеген.

"Бар затымызды алып қойды, тінтіп шықты. Күні бойы тамақ бермей, түнде ғана дәмі нашар тұздық пен қайтанылған күріш берді", - деп шағымданды украиналық азамат.

Кейін қыздарды карцерге ауыстырған. Ол жерде жағдай тағы қиындаған. Бөлмеде күні бойы жарық жанып тұрған және желдеткіштің қатты дауысы тыныштық бермеген. Осы күндері олар күйзеліске түскен.

"Бізді басқа камераларда отырғандар өлтіреміз деп қорқытты. Сондықтан бізді жалпы камераға ауыстырмауын тіледік. Күнде төбелес болды. Полиция мұны көрді, бірақ шара қолданбады", - деді ол.

Украиналық қыздың айтуынша, өзі мұндай фотосессияға алғаш қатысқан және ол іш киіммен түскен.

"Біз эскортницалар емеспіз және ақша алу үшін түспедік. Қыздар Дубайға тегін барып, портфолио жинауды ұнатады, оның үстіне жақсы және көңілді компаниямен бірге болдық", - деп түсіндірді модель.

Еске салайық, Таяуда әлеуметтік желілерде бірнеше қыздың Дубай Марина (БАӘ) ауданындағы ғимараттың балконында жалаңаш тұрған видеосы жарияланды.