Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Колледж студенттері жүкті келіншек отырған жедел жәрдем көлігіне оқ атты

Медициналық көліктің салонында жүргізуші, екі фельдшер мен 26 жастағы аяғы ауыр әйел болған. 

Колледж студенттері жүкті келіншек отырған жедел жәрдем көлігіне оқ атты
Фото: дереккөз

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқан адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучинск қаласында жедел жәрдем автокөлігінің терезесін зақымдағандарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша 17 жастағы күдікті мен оқиғаның екі куәгері анықталды. Олардың барлығы - Щучье қаласындағы колледж студенттері.

"Жастардың айтуынша, 11 сәуірде кешкі сағат 22:00 шамасында олар көпқабатты үйдің ауласында пневматикалық тапаншадан металл бөтелкелерге оқ атқан. Осы кезде атқан оқ кездейсоқ өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігінің терезесіне тиген. Жастардың өтіп бара жатқан автокөлікке оқ ату ниеті болмаған", - дейді ведомстводан.

Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы "өзгенің мүлкіне зиян келтіру немесе жою" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, осыған дейін Ақмола облысы Щучинск қаласында бәзбіреулер жедел жәрдем көлігіне оқ атылды.Оқиға 11 сәуір күні кешкі уақытта болған. Бурабай ауданының жедел жәрдем станциясына тиесілі көлік Щучинсктегі Шоссейная көшесіндегі шақырту орнынан келе жатқан. Медициналық көліктің салонында жүргізуші, екі фельдшер мен 26 жастағы аяғы ауыр әйел болған.