Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Екі Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыста жатыр (ВИДЕО)

Видео пайда болғаннан кейін табылған затты Павлодар облысының прокуратурасы зерттей бастады.

Екі Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыста жатыр (ВИДЕО)

Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінде Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды. Құзырлы органдар мемлекеттік символ қалай қоқыс үйінде қалай пайда болғанын анықтап жатыр, - деп хабарлады Tengrinews.kz.

Instagram желісінде жарияланған видеода Ақтоғай ауданының прокуратурасының тақтайшасы жатқаны көрсетілген. Оның жанында екі Елтаңба жатыр, оның бірі сынып қалған, ал екіншісі бүтін. 

Видео пайда болғаннан кейін табылған затты Павлодар облысының прокуратурасы зерттей бастады. Ведомство өкілдері бұл дерек тексеріліп жатқанын хабарлады.

"Облыстық прокуратура қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, ақпараттың таралу арнасы материалы аясында полиция тексеруді бастады. Мән-жайлар анықталып жатыр", - деді құзіретті орган өкілдері. 

Ақтоғай ауданы әкімдігінің мәліметінше, қоқыс үйіндісі Ақтоғай ауылыының орталығынан екі шақырым жерде орналасқан. 

Сонымен қатар, Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік рәміздерге мұндай көзқарас жол берілмейтінін хабарлады.