Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Танысының көлігін ұрлап кеткен ұры ұятқа қалды

Шығын 1 250 000 теңгені құраған.

Танысының көлігін ұрлап кеткен ұры ұятқа қалды
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысының полицейлері танысының көлігін ұрлап, сатқан күдіктіні анықтады деп хабарлайды Polisia.kz. 

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, осы жылдың 4 сәуірінде Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 29 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түскен.

Оның сауда үйінің тұрағында тұрған “Volkswagen Passat Б-5” маркалы көлігін ұрлап кеткенін хабардар еткені айтылды.

Шығын 1 250 000 теңгені құраған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары осыған дейін бірнеше рет істі болған, Көкшетау қаласының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұрланған көлікті тапты.

Күдікті жәбірленушінің танысы бола тұра, ТҚС-да кепілде болған автокөлігіне техпаспортты сатып алғаны және алдау жолымен автокөлікті үшінші тұлғаға сатқан.

Қазіргі кезде аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Күдіктіге қатысты іс жүргізу “келу міндеттемесі” мәжбүрлеу шарасы таңдалды.