Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шекара арқылы аңшы патрондарын заңсыз алып өтуге жол берілмеді

Шекарашылар контрабандалық жүкті анықтау мақсатында толық тексеру іс-шараларын күшейтті.

Шекара арқылы аңшы патрондарын заңсыз алып өтуге жол берілмеді
ҚР ҰҚК

 

17 қыркүйекте қазақстандық шекарашылар «Кеген» автомобиль өткізу пунктінде (Алматы облысы) қызметтік итті пайдалана отырып, шекара арқылы Қырғыз Республикасына 16-шы калибрлі тегіс ұңғылы қаруға арналған саны 139 дана аңшы патронын және 32 гильзаны алып өтуге жол бермеді. 

Тасымалдау мән-жайын анықтау үшін ұсталған оқ-дәрілер ішкі істер органдарына тапсырылды.  

Ақпарат көзі: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі