Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Оралда ер адам әйелімен ажыраспау үшін құйтырқы әрекетке барамын деп пәлеге қалды (ВИДЕО)

Айтқанына көнбеген соң, әйелінің бейәдеп видеоларын жақындарына WhatsApp желісі арқылы жіберіп үлгерген.

Оралда ер адам әйелімен ажыраспау үшін құйтырқы әрекетке барамын деп пәлеге қалды (ВИДЕО)

Оралдық азамат ажыраспақ болған әйелін бопсалаймын деп басы бәлеге қалды. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметіне сенсек, ер адам әйелімен ажырасқысы келмеген.

Қарсылығынан түк шықпаған соң, келіншегінің жалаңаш түскен видеоларын тума-туыстары мен барлық таныстарына тарататынын айтып, қорқытыпты.

Айтқанына көнбеген соң, әйелінің бейәдеп видеоларын жақындарына WhatsApp желісі арқылы жіберіп үлгерген.

Осылайша ол сүйген жарын ұялтып, отбасына кері қайтаруға тырысқан екен. Ал келіншегі болса, бірден полицияға шағым түсірген. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды енді сот шешпек.

"Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бабы, 1-бөлігі, яғни порнографиялық материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша күдіктіге 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", - дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева.