Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйелдің оң жамбасының үштен бір бөлігі сынған.
Екібастұзда 55 жастағы әйел үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлады paryz.kz, Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Мәшһүр-Жүсіп көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан үйде болған. Жедел жәрдем бригадасы шақырылған жерге 2 минутта жетіпті. Дәрігерлер зардап шегушіні тексеріп, оның мас екенін анықтаған.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйелдің оң жамбасының үштен бір бөлігі сынған. Ол Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды.