Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жезқазған-Сәтбаев тас жолында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

ВАЗ автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі бөлгіш кронштейнге соғылды. Соққының ауыр болғаны соншалық, автокөлік мыжылып қалған.

Жезқазған-Сәтбаев тас жолында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
фото: дереккөз

Жезқазған-Сәтбаев тас жолында жантүршігерлік апат болды. Жеңіл автокөліктің бөлгіш кронштейнмен соқтығысуы салдарынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлады paryz.kz, Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні болған. ВАЗ автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі бөлгіш кронштейнге соғылды. Соққының ауыр болғаны соншалық, автокөлік мыжылып қалған.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 4-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, оқиғаның куәгерлері әлеуметтік желілерде 30-32 жас шамасындағы 3 қыз бен 2 жігіттің қаза тапқанын жазып жатыр. Олар Жезқазған-Сәтпаев жолының өте тар екенін, сондықтан жол апаттары, оның ішінде адам өліміне алып келетін апаттар жиі болатынын айтты.