Астанада 99 жасына қараған жақта Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Иванович Дровосеков қайтыс болды.
Владимир Иванович 1926 жылы 18 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Балкашино ауылында дүниеге келген. 1941- 943 жылдар аралығында № 317 әскери зауытта 3-ші дәрежелі токарь болып жұмыс істеген. 1944 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, майданға жіберілді. Ол 3-ші Беларусь майданындағы шайқастарға қатысқан.
Соғыс аяқталғаннан кейін Сахалинде шекара әскерінің теңіз бөлімі құрамында қызметін жалғастырады. 1952 жылы майдангер Ақмолаға көшіп келіп, арнайы комендатурада жұмыс істейді.
Владимир Ивановичтің батылдығы, ержүректігі мен борышына адалдығы ұрпақтар жадында мәңгі қалады. Оның өмір жолы — Отанға деген табандылықтың, патриотизмнің және адалдықтың үлгісі, деп атап өтті әкімдікте.