Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Ғалым Сейіт Қасқабасов өмірден өтті

Белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі СейітҚасқабасов дүниеден өтті, деп хабарлады paryz.kz.

Ғалым Сейіт Қасқабасов өмірден өтті
Фото: egemen

Суыт хабарды М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мәлімдеді. Айта кетейік, Сейіт Асқарұлы Қасқабасов 1940 жылы 24 маусым күні Семей қаласында дүниеге келген.

1947 жылы Семей қаласының Жаңасемей бөлігіндегі №5 орта мектепке оқуға барады. 

1970-1981 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде ғылыми хатшысы, әрі «Қазақ КСР Ғылым академиясының Хабарлары» атты журналының жауапты хатшысы. 

1981-1983 жылдары Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясының М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында аға ғылыми қызметкер. 

1983 жылдан Алматыдағы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 1989 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетінде «Қазақ халық прозасының жанрлары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 

1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде консультант қызметіне тағайындалып, әдебиет және өнер саласына жауапты болған және саяси репрессияға ұшыраған Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев, М.Дулатов, т.б. арыстарымызды ақтау жұмысына қатысып, қажетті құжаттарды дайындаған.