Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Өскемендегі саяжайдан дәрігердің мәйіті табылды

Өскеменде «Авиценна» дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Клавдия Кимді өз саяжайында өлтіріп кетті, деп хабарлады paryz.kz.

Өскемендегі саяжайдан дәрігердің мәйіті табылды
фото: әлеуметтік желіден

Yk.kz порталының ақпаратынша, 21 сәуірге қараған түні полицияға 72 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Облыстық полиция департаменті осы факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғады.

Күдіктінің жеке басы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Денис Данилевский өзінің Facebook парақшасында көз жұмған адамның жеке басын атап, қастандықпен өлтірілгенін айтты.

«Бұл жантүршігерлік жағдай 21 сәуірге қараған түні, дәл Пасха мерекесінде болған. Клавдия Ким қаладағы өз саяжайында қастандықпен өлтірілген. Кеше марқұммен қоштасу рәсімі өтті, оған жүздеген адам келіп, Клавдия Кимге соңғы рет құрмет көрсетті», – деп жазды ол.