Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Инсайдер Ербол Еділов таратқан мәлімет бойынша, Шымкент қаласының тұрғыны, 1994 жылы туған «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-де маман болып жұмыс істейтін азамат, әкімдік ғимаратының жанында қызметтесі — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденов Руслан Арысбекұлына оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша Сайга-12 маркалы аңшы мылтығынан үш рет оқ атылған. Оқ Берденовтың төменгі аяқ-қол тұсына тиген.
ӘЙЕЛІН ҚОРҒАҒЫСЫ КЕЛГЕНІ РАС ПА?
Күдіктінің айтуынша, Руслан Берденов оның жұбайы – 1995 жылы туған Алданова Лаура Серікқызын мазалап, орынсыз әрекеттер жасаған. Әйелі қазіргі уақытта жұмыссыз.
ЖАРАҚАТ АЛҒАН ШЕНЕУНІК АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ
Руслан Арысбекұлы Берденов оқ тиген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің алдын ала диагнозы – оң жамбас және иық тұсынан алған оқ жарақаты. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Тергеу амалдары басталды.